Жігерген - жігерлі бол

image.png

13 мамырда жауған нөсер жауын Түркістан облысының үш ауданында су тасқынын туғызды. Әсіресе, Төлеби ауданының тұрғындары айтарлықтай зардап шеккен. Сонымен қатар, Бәйдібек және Қазығұрт аудандарында да ондаған үйдің ауласына су кіріп, тұрғындары эвакуацияланды.

Осы орайда Қазығұрт  ауданына қарасты Жігерген ауыл округінде 4 қора опырылып құлаған. Барлығы 133 адам аудандағы мектептердің біріне эвакуацияланды.

Ал Жігерген ауыл округі бойынша 32 отбасы материалдық тұрғыда түрлі дәрежеде зардап шеккен болатын.
Бүгін партия филиалының ұйымдастыруымен барлық бастауыш партия ұйым төрағалары, ауыл әкімдерін тарта отырып, осы 32 отбасыға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Көмекті үлестіруге, аудандық «Жастар ресрустық орталығының» жауапты мамандары өз үлестерін қосуда.
БПҰ төрағалары мен жастарға тұрғындар өз ризашылықтарын білдіруде.

Тағы айта кетерлігі қазіргі таңда, жергілікті тұрғындардың көмегімен, Қазығұрт ауданы әкімдігінің басшылығымен, Жігерген ауыл округі аймағындағы арықтарды тазалау, тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жағдай тұрақты.

Облыста ең қатты зардап шеккен Төле би ауданы. Бұл ауданға облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев келіп, штаб жұмысымен танысты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды