Қайырымдылық қанда бар

image.png

«Біз біргеміз!» акцисы аясында аса мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі. Жаны жайсаң, жомарт азаматтар әрқашан отандасына қол ұшын созыға даяр. Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Жаңабазар ауыл округінде «Біз біргеміз!» акциясы жалғасын тапты.

Акция Жаңабазар ауыл округі, Жаңабазар елді мекенінің 83 жылғы жігіттерінен бастау алып, қайырымдылық жобасы аясында 31 отбасыға жалпы 500 000 теңгелік азық түліктей көмек таратылып берілді. Сонымен қоса бұл жігіттеріміз биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толуына орай орталық ескерткішті күрделі жөндеуден өткізіп, ауыл тұрғындарының үлкен қуанышына себепкер болып отыр.Осы эстафеда әрі қарай жалғасын тауып басқа да жомарт жігіттердің ұйымдастыруымен ауыл округіндегі барлық елді мекендердегі мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіліп келеді. Мысалы; ауылымыздың 90-шы жылғы жігіттері, тұрмыстық жағдайы өмірлік қиын жағдайға ұшыраған бір отбасының баспанасын күрделі жөндеуден өткізіп, қуанышқа бөлеп отыр. Жалпы құрылыс жұмысына 800 000 теңгедей қаражат жұмсады.
Эстафеда басталғалы округ бойынша жалпы 100 ден астам отбасыға 3 млн. тенгеден астам қаржылай немесе материалдық көмек көрсетілді.Осындай игі істердің бастамасы, ұйытқысы болып отырған ауылымыздың "Ардагерлер үйі " ақсақалдарына мың алғыс! Себебі,кешегі Мақтааралдық ағайындарға Жамашов Рахматулла атамыз бастап ауылымыздың ардагерлерінің төрағасы Құралбаев Тәңір аталарымыз қоштап 1 тонна түрлі материалдық, гумманитарлық көмек жіберді."Туған елге туыңды тік"-деген осы болар ағайын. Тағы бір айта кететіні біздің ауылда "бизнестің әлеуметтік жауапкершлігі " деген түсінік жақсы қалыптасып ауылымыздың барлық кәсіпкерлік субьектілері мұқтаж жандарымызды өз қамқорлықтарына бөліп бөліп алып үздіксіз жәрдем беріп отыр. Бұл тұста ірі кәсіпкерлік субьектілерінің иесі Ә. Балабеков, М. Шаржанов, А. Үсенбаевтарды ерекше атап өткіміз келеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды