Қазығұрттық белсенділер Төлебиге қол ұшын созды

image.png

Төлеби ауданында облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасымен селден зардап шеккен аймақтар 4 секторға бөлінді. Қазығұрт ауданына бөлінген Ынтымақ және Киелитас елді мекендерін зерттеу барысында 50 үйдің аулаларын су басқаны белгілі болды.

Сондай-ақ, 4 тұрғын үйлердің жертөлелері мен сарайларына жиналған су, 4 үйдің аулаларына кірген лай мен қоқыс шығарылды. 3 тұрғын үйдің қосымша құрылыстары жиналып иелеріне табысталды. 500 метр арық жолдары тазартылып кеңейсе, 200 метр арық жағалаулары ағаш-бұталардан аршылды.

Орын алған жағдайды ретке келтіру мақсатында 35 адам, 1 мотопомпа, 6 техника жұмылдырылып, жұмыс жүргізуде. Жағалауда 500 қап құммен бекітілді. Осы жұмыстарға Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Т.Қалымбетов басшылық жасауда. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Апат айтып келмейді. Тасқын да, өрт те табиғаттың тілсіз жаулары. Жауған жауын салдарынан орын алған тасқын судың зардабын тартқандар қатарынан Қазығұрт та табылғанын естеріңізге сала кетейік. Толассыз жауынның салдарынан аудандағы екі ауылдық округтегі тұрғын үйлердің ауласын су шайып, біраз әбігерге салды. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды