«Дәрігер еңбегінің бағаланғанына дән ризамыз»

Қазақстанда 26 мың дәрігер үстемақы алады | Tengrinews.kz

Елімізде қауіпті індетпен күресіп жатқан дәрігерлер де үстемақы ала бастады. Осындай қиын-қыстау сәтте дәрігерлердің еңбектері бағаланып, қаржылай көмек көрсету ел президентінің жарлығымен жасалынып отыр. Мәселен Қазығұрт ауданының тұрғыны, инфекционист-дәрігер Бақыт АҚЫНҒАЗИЕВА дәрігерлерге көрсетілген мұндай ілтипат үшін дән риза екендігін айтады.

"Мен Қазығұрт аудандық орталық ауруханаға қарасты провизорлық госпитальдың инфекционист-дәрігер болып қызмет етемін.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында 2-санат бойынша 425 мың теңге үстемақы алдым.

Өзім медицина саласында жиырма жеті жылдық тәжірибем бар, төрт баланың анасымын. Инфекционист-дәрігер ретінде жаман індеттен аудан тұрғындарын аман сақтап қалу жауапкершілігі бізге жүктеліп отыр. Әріптестерімізбен бірге үй бетін көрмей, Гиппократ антына адал болу жолында жұмыс істеп жүрміз. Жалақыға қоса үстемеақы алғанымызға, әрине, қуаныштымыз. Мәселе -- ақшада емес, дәрігер еңбегінің бағаланғанында.   

Адам өмірін ажалдан арашалау үшін аянбай еңбек етіп жүрген, бүгінгі күннің батыры деуге лайық әріптестерімнің еңбегін бағалап, осындай көмек беріліп жатқанына алғысым шексіз", - дейді дәрігер, алғысын білдіре отырып.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды