Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері: «Барша қызметкерлердің еңбегі ерен»

image.png

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес беріліп жатқан бұл қаржылай көмек және ынталандыру сала мамандарына үлкен қолдау болды. Қауіпті індет COVID 19 вирусымен күресте жанталасып еңбек етіп жатқан дәрігерлерге ендігі үстемеақы ала бастады.

"Күн өткен сайын коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны артып жатыр.

Тиісінше халықтың денсаулығын сақтауды басты міндеті деп білетін ақ халатты абзал жандар күні-түні аянбай тер төгуде. Ал, республикалық бюджеттен өлім мен өмірдің арасында жүрген қызметкерлерге үстемақы тағайындауы өте дұрыс шешім болды. Бүгінде үстемақы алатын қосымша қызметкерлердің тізімі жасалуда.

Осы орайда мен Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері әрі облыстың бас инфекционист-дәрігері ретінде оңтайлы шешім қабылдаған мемлекет басшысына алғыс айтып, қиын сәтте тапжылмай індетпен күресіп жүрген ұжымдағы әр дәрігердің ерлігін және табандылығын ерекше бағалайтындығымды жеткізгім келеді. Біз біргеміз!"

Бақтығали ЕРЕЖЕПОВ,

Қазығұрт аудандық орталық

ауруханасының бас дәрігері,

облыстың бас инфекционист-дәрігері.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды