Әжелер қайырымды істің бастамасы болды

image.png

Ел басына күн туғанда бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарған қазақтың қайырымдылығы қанына сіңген қасиет. Биылғы жылы бүкіл әлемді дүрліктірген коронавирус індеті біршама адамның жанын алғаны белгілі. Мұндай сәтте Түлкібас ауданындағы көненің көзі қарттары да қарап қалмады.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы әжелер оған қарсы күш біріктіріп, тынымсыз еңбек етіп жатыр. Жігірген ауылындағы оншақты апа өз қаржыларына мата мен ине-жіп сатып алып, індеттен қорғаныш болар медициналық бетперде тігуде.

Ауыл әжелері бір аптадан бері бел жазған жоқ. Күні бойы шұқшиып тігіс тігеді. Жайшылықта анда-санда мазалайтын тізенің ауыруы мен белдің шойырылғанын, көздің жасаурайтынын да ерең қылмайтын болып алды. Дәкеден  қабаттап тұрып тігілген тұмшалардың тігісі жатық, сапасы да жақсы.

БАЯН РЫМБЕКҚЫЗЫ ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ

Жүрегінде иманы бар аламның бір-біріне қолдау көрсетуі парыз деп ойлаймыз. Сондықтан әжелер өз қаржымызға мата салып салып,  масканы ауылымыздағы   қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызбасты жандарға  таратудамыз.

Әжелер тіккен қорғаныш құралдарын еріктілермен қосылып өздері де таратуға көмектеседі. Ауылдастарын түгел танитындықтан  оның мұқтаж болып отырған отбасыларға тегіс жетуін қадағалайды.

маска сізге әдейін әкелдік. Көп рет қолдана берсеңіз болады.

Айткүл апаның  төсек тартып жатқанына біраз жылдың жүзі болды. Бірінші топтағы мүгедек. Қызы екеуі ғана тұрады. Әжелер бұл отбасыға да өздері әдейін келіп, біраз маска табыстап кетті.  

НҰРЗИЯ ШІЛМАНОВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Аптекаға шыға алмаймыз. Шешеме қарап отырамын. Жан-жаққа шыға алмаймын. Әжелеріміз арнайы тігіп әкеп беріп отыр. рақмет. Алғысым шексіз.

Таудің етегін ала қоныстанған «Жігірген» ауылында 4 мыңнан астам  тұрғын бар. Жалғызілікті, жарымжан, қарт адамдарға түгел жетуі үшін 1 мыңнан көп бетперде  тігуді көздеп отыр. Олар қазірдің өзінде оның жартысына жуығын дайын етіп, ауылдастарына таратты. Әжелер өздерінің бұл ісін әлеуметтік желі арқылы көпке үлгі етіп, қыз-келіншектерге эстафета жолдады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды