«Bizbirgemiz» акциясына түлкібастық біртуарлар атсалысуда

image.png

Бұл жылы бүкіл әлем елдері үшін оңай жыл болмады. Оның себебі жаһанды жауалаған індет - коронавирус. Әрине, осындай қиын қыстау кезеңде бірін-бііне қол ұшын созы әр қазақтың азаматтық борышы.

Ауылдастың немесе туысқанның жағдайын телефон арқылы білгеннің өзіне тәуба дерлік бүгінгі жағдай, әсіресе, қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қиынырақ тиіп тұр. Осы орайда «Біз біргеміз!» акциясының  маңызы зор. Осыған орай бүгін "Nur Otan" партиясының "Bizbirgemiz" республикалық акциясы аясында Түлкібас ауданы бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралардың медиа-жоспарына сәйкес ауданымызға танымал дзюдо күресінен спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы - Құрамыс Бекежан Құрамысұлы қатысты. 

Іс-шара "Ардагерлерді ардақтайық!", "Кедергісіз келешек", "Бақытты отбасы" партиялық жобалары шеңберінде өткізілді. Құрамыс Бекежанұлы қазіргі таңда аудандық балалар жасөспірімдер №1 мектебінің дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы болып қызмет етіді және оның жаттықтыруымен елімізге бірқатар азаматтар спорт саласынан танымал болып үлгерді. Құрамыс Бекежанұлы жаттықтырған шәкірттерінің бірі ересектер арасындағы самбо және қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы, бүкіл дүниежүзілік Универсиадада ауыр салмақтағы қазақ елінен шыққан тұңғыш чемпион Қырықбай Ғалымжан Шаяхметұлы. Жеткен жетістіктері.
1. Самбо күресінен спорт шебері;
2. Қазақ күресінен спорт шебері;
3. Дзюдодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды