Егемендік оңай келген жоқ

Егемендік алып тәй-тәй басқан жас мемлекеттің аяқтан тұруы оңай болған жоқ. Алдында талай сын, қиын жылдар тұрды. Дегенмен 30 жылда Қазақстан тұғырлы мемлекетке айналды. Осылай деген ғалымдар Шымкентте бас қосты. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ұйымдастырған «Тәуелсіздіктің Қазақстандық жолы: Жасампаздықтың 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда орамды ойлар төгілді.

Ғылыми жиынға Өзбекстан Республикасы мен Түркия елінен арнайы қонақтар келді. Еліміздің барлық аймағынан жиылған ғалымдар конференция жұмысына қатысты. Ғылыми конференцияның өтуіне  Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті  мұрындық болған.  Салтанатты шара барысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мың жылдық белес» атты ұжымдық монографиясының тұсау кесері ұйымдастырылды. Мінберге шығып сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері Сәбден Оразалы Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін атап өтті. Сол жылдары жас мемлекеттің тағдырын шешушілердің аз ғана  бөлігі қаракөздер болғандығын еске алды. Дегенмен бірліктің арқасында бүгінгі күні Қазақстан қабырғалы елге айналғандығын әңгімеге арқау етті. 

"Қазір айтуға оңай сонда жоғары кеңестің 53 пайызы басқа халық болатын 47 пайызы қаракөздер Советтер одағынан кетіп жатқан уақыт. Сонда академиктер депутаттарды алып сөйлестік. Сіздер дауыс беріңіздер деп үгіттедік",- дейді мемлекет және қоғам қайраткері Оразалы Сәбден .


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды