Ең үлкен қарқынды бау-Сарыағашта

6.jpg

     Түркістан облысы Сарыағашта қарқынды бау шаруашылығы жақсы дамып келеді. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша жыл басында аудандағы  жалпы жеміс баулары 2018,6 гектарды құраған. Оның ішінде өнім беретін 1652,9 гектар. Қазіргі таңда қосымша 40 гектер жеміс көшеттері отырғызылған. 

Сарыағаш бірінші шипажайымен белгілі болса, одан соң оны елге мәшһүр еткен бау-бақшасы. Бұл жақтың тек табиғаты ғана емес, халқы да егін, бау тіршілігіне жақын келеді. Жыл он екі ай ауданда бау бақша өнімдерінің қызу саудасы болып жатады. Еліміздің дәл осы өңірінен пісіп шығатын қауын-қарбыздар да ауданның жетістіктерінің бірі ғана.  Қазір бұған тамшылатып суғару арқылы өнім өсіретін қарқынды баулар қосылған. Соның бірі- Ақжар ауылындағы «Агорфуд Қазақстан» ЖШС. 2017 жылы қолға алынған бұл шаруашылықта жалпы 195 гектар жерге бау егілген. Ақжар елді мекенінде орналасқан бұл бау - облыстағы ең үлкен қарқынды бау болып есептеледі. Мұнда  92 гектарға алма, 70 гектарға шабдалы және 22 гектарға шие және 13 гектарға алқоры егілген.   Қазір жемістердің  ерте пісетін сорттары теріліп, жиналуда. Дайын өнімдер бүгінде өзіміздің ел аумағынан бөлек ресей мемлекеттеріне жөнелтілуде.  «Елде болса ерінге тиеді» дегендей, ауылдағы бір ғана осы қарқынды баудан ауылдың  170 – тен астам тұрғыны жұмыспен қамтылып, нәпақа табуда. Оның ішінде 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.  Бұл- ауыл үшін де, тұрғындар үшін де үлкен көмек әрі мақтаныш.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды