Тамшылатып суғару тиімді

5.jpg  

   Биыл Сарыағаш ауданында тамшылатып суғару әдісін 600 гектар жерге енгізу жоспарланған болатын. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша өткен тоғыз айда тамшылатып суғару 702,5 гектар енгізілген. Яғни, жылдың тоғыз айдың өзінде артығымен орындалып отыр.

Айта кетері, тамшылатып суару – өсімдіктің тікелей тамырлық зонасына құбырлар, түтіктер, эмиттер көмегімен суды баяу тамшылату арқылы суаруға мүмкіндік теретін тәсіл. Сонымен қатар, оны тыңайтқыштарды үнемдейтін ерекше суару түрі деп те атайды. Тамшылатып суару әдісі бүгінде Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Ақылды технологияларды агросалаға енгізгелі бұл тәсіл шет елдерде арнайы құрылғылардың көмегімен жұмыс жасауда. Бұл әдісті Оңтүстіктің шаруалары да тез меңгеруде. 

Осы орайда Түркістан облысы жылыжай, тамшылатып суғару бойынша көш бастап тұрғанын да айта кету керек. Республикада жылыжайдың – 80 пайызы, тамшылатып суғару аумағының 72 пайызы түркістандықтарға тиесілі. Соңғы жылдары облыстың шаруашылықтарында жаңбырлатып суару әдісі де енгізілуде. Мамандардың айтуынша, бұл – өте тиімді тәсіл. Осы бастама арқылы өнім түсімін екіден төрт есеге дейін арттыруға болады. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды