Мал шаруашылығын дамытып отыр

Screenshot_23.png

Дамушы Қазақстанда азаматтарды жұмыспен қамту үшін бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылп келеді. Айталық  «Еңбек» ме лекеттік бағдарламасы аясында талай жан екі қолға бір күрек тапты. Сондай-ақ бұл бағдарлама еліміздің орта және шағын бизнесін дамытуға да өз үлесін қосып келеді. Үшінші мегаполисте «Еңбекпен» өз кәсібін дөңгелетіп отырған жандар жеткілікті. Солардың бірі  қала тұрғыны Жәнібек Арапбаев талай жанға екі қолға бір күрек тауып берген аталмыш бағдарлама арқылы 555 650 теңге (200 АЕК) көлемінде мемлекеттік грант алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Жәнібек Исабайұлының отбасысы көп балалы ретінде атаулы әлеуметтік көмекпен қаржыландырылып келген. Өткен жылы отағасы мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдалану үшін Жұмыспен қамту орталығына барып, қайтарымсыз грантқа өтінім білдірген.  «Мал шарушылығы» бойынша бизнес-жоспарын сәтті қорғап, берілген қаржыға үш бас қара ірі алған. 

– Отбасылық кәсіпті бастауға мемлекеттік бағдарламаның көмегі тиді. Қазір мал бордақылауды қолға алдық. Мал – баққанға бітеді. Қазақ халқы қашан да мал бағып, сол бейнеттен береке тапқан. Бүгінге дейін күнкөрістің қамына айналған ата кәсіппен шұғылданғандардың ырысы мол. Бастапқыда алған үш бас қара ірі (өгізшелер) бүгінде бес басқа көбейді,– дейді бағдарлама шарапатын көрген кәсіпкер. 

Айта кетсек, өткен жылы бағдарлама аясында 4 828 адам мемлекеттік грантқа қол жеткізсе, «Бастау бизнес» жобасына 2 820 адам жолданған. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды