«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасындағы іс-шараларлың жүйелі орындалуын бақылау мақсатында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының жұмысымен танысты.
Жол картасының 70-ші тармағында 5 жылда 136 гектар құрайтын «Агроиндустриалды аймақ» құрылып, онда ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін 20 жоба жүзеге асады. 40 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылып, 1 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланған.
Ағымдағы жылға 205 жұмыс орнымен қамтитын 4 жоба аяқталуы керек. Атқарылып жатқан жұмыстардың 9 айлық қорытындысы бойынша Мәртөбе тұрғын алабының маңында іске асырылып жатқан 2 жылыжай іске қосылып, 70-тен астам адамдар жұмыспен қамтылды. Басқарма өкілі партия өкілдеріне жылдың соңына дейін 4 жоба аяқталып, толығымен орындалатынын жеткізді.
«Агро-индустриалды аймақтарды құрудағы басты мақсат – қаламыздың инвестициялық мүмкіндігін арттырып, ауыл шаруашылығы саласында инвесторларға қолайлы жағдай жасау. Жобада ауыл шаруашылығы саласын дамытып, аграрлық секторды экономиканың қозғаушы күшіне айналдыру көзделіп отыр, сондықтанда тиісті ұйымдастыру жұмыстарына қарқын беру керек", - деді «Nur Otan» Партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева.