Әлем елдерінде экстремалды туризм әлдеқашан дамыған. Мысалы АҚШ-тағы ойын-сауық саябақтары "американ горкасы" атты аттракцион арқылы танымал болды. Осы аттракционды бір көру үшін дүниежүзінің түкпір-түкпірінен АҚШ-қа арнайы баратын туристер саны аз емес. Американ горкасының ерекшелігі сол - адам бойында адреналинді оятып, денесін тітіркендіреді. Дегенмен осындай сезімді бастан кешкісі келетіндер көп.
Шымкентте жан дүниесі авантюраға бейімді әрі экстремалды демалыс түрін ұнататын азаматтар енді Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын алабында орналасқан, «БҮРКІТ» әскери спорттық базасында парашютпен секіре алады.
Парашютпен секіру тек батылдық пен ерікті ғана емес, сонымен қатар барлық талаптарды ,ережелерді нақты сақтауды талап етеді.
Ең алдымен физикалық тұрғыда тексерістен өткен соң ғана, секіруге рұқсатнама алады. Бұл дегеніміз, жүйке жүйесінде немесе жүрегінде ақау бар жандарға парашютпен секіруге рұқсат жоқ.
Толық тексерістен кейінгі кезең, теориялық және практикалық дайындық. Оқу-жаттығу дайындықтары арнайы десанттық жабдығы бар әскери ұшақтар мен тікұшақтарда өтеді. Барлық ережелерді толығымен бойына толық сіңірген уақытта ғана әуе кемесіне отыруға рұқсат алады.
Осы арқылы Шымкентке туристер санын арттыруға болады. Алдағы уақытта Шымкенттен экстремалды туризм саласы қарқынмен дами бермек.