Ескі қаланың жаңа тынысы ашылды

Screenshot_6.jpg

Шымкент қаласындағы әйгілі Ордабасы алаңының маңы - "ескі қала" деп аталады. Мұнда көптеген нысандар Кеңес Одағы тұсында салынған. Мысалы алаңдағы "Ордабасы" қонақ үйі кезінде қаладағы ең ірі қонақ үйлер қатарына кірген. Бұл жерден темір жол вокзалына да бару өте жақын. Сондықтан да ескі қала аумағы - Шымкенттегі маңызды жерге жатады. 

Дегенмен Қазақстан тәуелсіздігін енді алған аумалы-төкпелі жылдары мұнда көптеген талапқа сай келмейтін нысандар салынып кетті. Құжыра үйлер қаптап қаланың көркі бұзылды.

Аталған мәселелер соңғы жылдары оң шешімін таба бастады. "Шымкент" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының ұйытқы болуымен ескі қала аумағының жаңа тынысы ашылды. Яғни мұнда құжыра үйлер салынған жерлерге заманауи тұрғын-үй кешені түспек. "Шымкент" ӘКК алпауыт құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізіп, нәтижеге қол жеткізіп отыр. 

Қала әкімдігіне қарасты аталған корпорацияның мұрындық болуымен бүгінде мұнда құжыра үйлер сырылды. Атырау қаласынан инвестор тартылып, SDN Group құрылыс компаниясы ескі қала аумағынан "Medina" тұрғын үй кешенін салып жатыр. Атыраулық құрылыс компаниясы ескі қала аумағын заман талабына сай етіп жабдықтамақ. Мұнда көптеген нысандар салынып, төңірек жасыл-желекке көмкерілетін болады. Өз кезегінде бұл қалада тұрақты жұмыс орындарын ашады. Сонымен қатар қала да көркейіп, өзге қалалардан келетін туристерге сапалы қызмет көрсете бермек. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды