Шымкент қаласындағы «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы жыл басынан бері 10 532 адамға анықтамалық-консультациялық қызмет көрсетті. Орталықтың негізгі мақсаты – туристер мен қала қонақтарына «бір терезе» қағидасы бойынша ақпараттық-консультативтік көмек көрсету.
Қаладағы туристер көп шоғырланатын әуежай, темір жол вокзалы және саябақтарта 7 ақпараттық дүңгіршек қызмет атқарып отыр. Ақпараттық киоскілерден бүгінге дейін АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан, Мажарстан, Ресей, Корея, Өзбекстан және т.б. шетелдік қонақтарға ақпараттық-консультация алған.
Туристік-ақпараттық орталығы келушілер санын арттыру және шаһардың туристік әлеуетін ілгерілету үшін жыл басынан бері бірқатар мекемелермен 20 меморандумға қол қойған.
Туристік ақпараттық орталық тәулігіне 200-250 турист қабылдауға қауқарлы. Орталықта тәулік бойы «Call-centre» жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтарына мегаполистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес беріліп, құқықтық және визалық көмек көрсетілетін болады. Қалаға келуші қонақтар үшін қыдыру турлары ұсынылып, алдын ала брондау қызметі берілмек. Visit-shymkent.kz ресми сайты үш тілде жұмыс істейді. Сайтта қаламыздың танымал көрнекі орындары, ұлттық мәзір дайындайтын мейрамханалары және ақпараттар тізбегі жарияланады. Ақпараттық орталықта кеңес беру, кәдесый, сөйлесу, түрлі шаралар өткізудің интерактивті аймақтары қамтамасыз етілген.