Кәсіпкерлердің құқығы тапталмайды

Screenshot_24.png

Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру барлық мемлекеттік органдар қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатындығын  белгіледі. Сондай-ақ Президент халқына жыл сайынғы Жолдауында прокуратура органдарына кәсіпкерлердің өтініштерін қарауды, кәсіпкерлерге – оларға шенеуніктер заңсыз қысым жасаған жағдайда прокуратура органдарына батыл түрде жүгінуді тапсырды. Бұл ретте, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметіне кез келген заңсыз араласуын мемлекетке қарсы өте ауыр қылмыс ретінде қабылдау қатаң атап өтілді.

Осыған орай, Еңбекші ауданының прокуратурасы ағымдағы жылы аудандық полиция басқармасының инспекторларымен қолданыстағы заңнама талаптарын сақталу жағдайына талдау жүргізді.  Талдау көрсеткендей, аудандық полиция инспекторлары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 682-бабының 3)тармақшасында және 685-бабының 2-бөлігі 2) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдар қатарына жатпауына қарамастан, заңсыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарап, тиісті хаттамалар толтырған.

Атап айтқанда, полиция инспекторлары ӘҚБтК-нің 147, 486, 519- баптарын бұзды деген негізбен 26 кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырып, кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделері мен құқықтарын бұзған. 

Аудан прокуратурасының енгізген қадағалау актісі негізінде, аталған заңсыз хаттамалардың күші жойылып, 26 кәсіпкерлік субъектісінің құқығы қорғалған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды