Оқу орнымен бірлесе сапалы туристік жобаларды жүзеге асады

Screenshot_5.png

Шымкент қаласы әкімдігі туристік әлеуетті жақсартып, дамыту мақсатында бірқатар бастамаларды қолға алып отыр. 

Мысалы, жуырда Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен Түркістан қаласы Халықаралық туризм және мей­мандостық университеті арасында екі­жақты келісімге қол қойылды. Келісім аясында туризм саласында кәсіби мамандар даярланып, басқарма мен оған қарасты Visit Shymkent туристік ақпараттық орталығында университет студенттері, екі қаланың туристерге қызмет ететін орындарының қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ ауқымды іс-шараларда ерікті ретінде қызмет көрсете алады.

«Бүгінде Шымкент қаласында ішкі және халықаралық туристік нарықта белсенді сегменттің қалыптасуы үшін барлық мүмкіндіктер бар. Заман талабына сай, бәсекеге қабілетті туристік нарық құрудағы ең маңызды шарттардың бірі – бұл сапалы кадр дайындау мәселесі. Туризм саласы бойынша білім алып отырған әрбір түлек – өңір туризмінің дамуына септігін тигізетіні сөзсіз. Біз үшін болашақ туризм мамандарын қазірден бастап сала жұмысына тарту және жан-жақты тәжірибеден өткізу өте маңызды. Сол себепті, алдағы уақытта оқу орнымен бірлесе сапалы жобаларды жүзеге асырып, ел туризмін көркейтуге ниеттіміз», дейді Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды