Сарыағаш ауданында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында жастар арасында футбол өтті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы Жастар ресурстық орталығы хабарлады.
Жарысқа ауылдық округ жастарынан құралған 8 команда қатысып, өзара сынға түсті.
Жарыс қортындысы бойынша: І-орынды Жібек жолы, ІІ-орынды Арай, III- орынды Әскери бөлімше командалары иеленді
Жеңімпаз командалар, үздік ойыншылар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, медальдар табысталды.
Еске сала кетейік, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
- Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Қаржы тапшылығы кезінде мемле¬кет бюджеті есебінен кәсіби спорт клубтарын толықтай қамтамасыз етудің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет. «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді,-деп атап өткен болатын.