Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Б.Полатов, «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев және аудандық мәслихаттың депутаттары Ж.Сүлейменов, Т.Жұмабеков, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М.Байгабулов және Жібек жолы ауылдық округінің әкімі А.Сейтжаппаров Жаңатұрмыс елді мекеніне арнайы барып, тұрғындармен кездесу өткізді.
Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жаңатұрмыс елді мекенінде 321 тұрғын үй орналасқан. Елді мекен тұрғындары бүгінгі таңға дейін ауыз суды тасымалдау арқылы және құдық суынан пайдаланып келген.
Ендігі кезекте ағымдағы жылы Жаңатұрмыс елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурысы бойынша «Корпорация Силур» ЖШС-гі жеңімпаз атанды. Жоба бойынша 13,9 шақырым су жүйелері тартылып, ауыз су қоймалары салыну қажет. Нысанның құрылысы 2022 жылға өтпелі.
Кездесу барысында елді мекенге жүргізіліп жатқан ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Тұрғындар тарапынан елді мекен шегінен тыс салынған бірнеше тұрғын үйлер жобадан тыс қалып, ауыз су кіргізілмей қалып жатқандығы бойынша өтініштерін жеткізді. Келіссөздерден кейін мердігер мекеме елді мекендегі жобадан тыс қалған тұрғын үйлерді өз есебінен ауыз су құбырларын кіргізетіндігін жеткізді.
Айта кетсек, мердігер мекеме тарапынан қазіргі таңда 6 шақырым диаметрі 140-110 полиэтиленді құбырлар және биіктігі 1,5-2 метр 80 дана ауыз су құдықтары орнатылып, құрылыс жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысан құрылысы аяқталғаннан кейін елді мекендегі 2573 тұрғын толығымен таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.