Сарыағашта 1325 көше жарықтандырылды, АЛ Созақта спорттық нысандар пайдалануға берілді

Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округінде 15 елді мекен бар. Оның ішінде 10 елді мекенде жалпы 1325 көшеде жарық шамдары орнатылған. Ауылдық округке қарасты 5 елді мекенде, атап айтқанда Жаңаарық, Жаңаталап, Нұрлы жол, Ақ үй және Береке елді мекендерінен өтетін республикалық маңызы бар А-15 авто жолының бойындағы көше жарық шамдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

image.png

Сонымен қатар, Береке елді мекенінен өтетін республикалық маңызы бар А-15 авто жолының бойындағы көше жарықтандыруына қойылған трансформатордың күші жетпеуіне байланысты, күрделі жөндеуден өткізілді. Алдағы уақытта ауылдық округке қарасты басқа да елді мекендеріндегі көше жарық шамдарына кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Ал, Созақ ауданында Абай, Қайнар, Көктөбе елді мекендерінде балаларға арналған ойын алаңшалары мен кіші футбол алаңы пайдалануға берілді. Айтулы шараға аудан басшысы С.Полатов арнайы қатысты.

- «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом компаниясы қашанда ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына қолдау білдіріп келеді. Міне, бүгін «Катко» қазақ-француз біріккен кәсіпорны демеушілігімен футбол және балалар ойын алаңы салынып, елді мекен тұрғындарын үлкен қуанышқа бөлеп отыр. «Катко» кәсіпорнына өз атымнан және аудан халқы атынан алғысымды білдерімін», - деді аудан әкімі.

Созақ ауданы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ әлеуметтік жобаларды қолдау аясында бірлескен жұмыстарды тұрақты түрде атқарып келеді. Осы уақытқа дейін аудандағы елді мекендерде «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ қарасты кәсіпорындар бірнеше балалар ойын алаңын салған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сарыағашта 1325 көше жарықтандырылды, АЛ Созақта спорттық нысандар пайдалануға берілді
  • Сайрамда атқарылып жатқан жұмыс көп
  • Шардара ауданы ауыз сумен толық қамтылады
  • Тұрғындар ауылға көпір салып берді
  • Шөкеев қарияларға «FARAB» кітапханасында құрмет көрсетті