Тұрғындар ауылға көпір салып берді

Төлеби ауданы Киелітас елді мекенінің тұрғындары өз қаражаттары есебінен ұйымдасып «Наурыз» алаңын құрып, орталық Қожамжар көшесіне кіре беріс жерге көпір орнатты. Ауыл тұрғындары бірлесіп, бюджетттен бөлінетін қаржыны күтпей, өз күштерімен көптеген игі істің ұйытқысы болуда.

image.png

Берекелі ауылдың ендігі көңілі жай, шайы тәтті. Бір үйдің баласындай жұмыла көтеріп, атқарған істері де көпке үлгі. Ауыл тұрғындары қандай жетістікке жетсек те бірлігіміздің арқасы деп біледі. Ауыл үлкен жолдың бойында, таудың етегінде орналасқан. Яғни шаруаға жайлы, топырағы құнарлы, тұмса табиғаты тамылжыған тамаша жер. Аудан орталығына да жақын. Тұрғындары да еңбекқор.

«Ауылына қарап, азаматын таны» десең, елді мекенде туып-өскен бүгінде кәсіпкерлікті қолға алған біршама азаматтар туған жеріне қызмет етуді өз қолына алған. Олар, тапқан табысын ауылын көркейту саласына жұмсап, көпшіліктің алғысын арқа дастыруымен мекеменің кіре берісіне қақпа орнатып, ауыл тұрғындары мен жастары ұйымдасып аллеяның құрылысын жүргізді.

Сондай-ақ, ауылдың орталық Қожамжар көшесінің бойына аяқ жол құрылысы аудандық бюджет есебінен жүргізіліп, түнгі жарық орнатылды. Тұрғындардың бос уақытын өткізіп, тынығуына, балалардың ойнап, асыр салуына арналған ойын алаңшасын абаттандыру ісін ауыл тұрғындары өз күштерімен атқарған. Байбұлақ көшесіне тас төселіп, орта жөндеу жұмыстарымен жүргізілсе, ұлттық нақышта мемлекеттік қазақ тілінде елді мекен атауы мен оң сапар тілеу сөздері жазылған арка орнатылған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды