«Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы аясында 100 жобаға несие беру жоспарлануда

Screenshot_5.jpg

Шымкент қаласында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Жол картасы бойынша шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасалуда. 2021-2025 жылдары кәсіпкерлерді жүйелі қолдау шаралары жүзеге аспақ. 

Шымкентте 2025 жылға дейін «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы аясында 100 жобаға несие беру жоспарлануда. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аталып отырған билғы жылы 21 жобаға несие берілді. «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы аясында 500 кәсіпкерге қолдау көрсетіледі. Биыл 180 жоба қаралуда. 

Ал «Еңбек» бағдарламасы аясында 300 шағын бизнеске қолдау көрсетіледі. Биыл 58 жобаға қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар, қалада алдағы бес жылда 2,5 трлн теңгеге 211 инвестициялық жоба (14 мың жұмыс орны) іске асырылады. Атап айтқанда, өнеркәсіп бағытында 98, сауда 15, ауыл шаруашылығы 98, білім 20, тұрғын үй 31 және денсаулық сақтау саласында 9 жоба қолға алынбақ. 

Айта кетсек биыл 157 млрд теңгеге 47 жобаны іске асыру жоспарланған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке