«Кентау Трансформатор зауытында» дәнекерлеуші-робот жұмыс істеуде

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында өндірісті ұлғайтып, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға және елге қажетті жобаларды жүзеге асыруға үлкен басымдық берді. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоспарлы түрде іске асып жатыр.

image.png

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «Кентау Трансформатор зауытында» болды. Зауыт басшылығы бір уақытта 6 адамның жұмысын атқара алатын жапондық Yaskawa Motoman дәнекерлеуші-робот жұмысымен таныстырды. Робот дәнекерлеу сапасын арттыруға және кәсіпорынның өнімділігін жоғарылатуға арналған.

Кентау трансформатор зауыты – электр энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, мұнай-газ кешенін және тұрғын үй-коммуналдық секторын қоса алғанда, экономиканың барлық салалары үшін жеткізілетін, кең қолданысқа арналған трансформаторлық жабдықтарының жетекші қазақстандық өндірушісі. Зауыттың өнімі үлкен сұранысқа ие және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Кәсіпорын сапалы трансформаторларды ғана емес, энергия үнемдейтін трансформаторларды шығарады.

Сонымен бірге, Өмірзақ Естайұлы Кентаудағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Оның аясында аулаларға балалар ойын алаңшалары жаңартылып, спорт алаңдары салынып жатыр. Облыс әкімі сондай - ақ, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған «Жастар» саябағында болды. Шаһарды тұрғындар үшін жайлы қалаға айналдыруға бағытталған бастамаларға оң баға берді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды