Түркістан облысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ауылдық аймақтарды дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, елді мекендерге сапалы ауыз сумен жеткізу мәселесі де кезең-кезеңімен шешіліп келеді.
Соның бірі – Түркістан облысының Төлеби ауданында тағы бір ауылға табиғи газ берілді. Бұған қоса екі ауылға газ беру мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп, құбырлар тарылып жатыр. Сонымен қатар, аудандағы елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту мәселесі де кезең-кезеңімен шешілуде.
Бүгін Тасарық ауылдық округіне қарасты Ханарық елді мекені тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Өйткені ауылға көптен күткен табиғи газ берілді. Елді мекенде 247 үй бар. Яғни, екі мыңға жуық тұрғын мекен етеді. Бұған қоса, қазіргі кезде Қасқасу және Қоғалы ауылдық округіне қарасты ауылдарға газ құбыры тартылуда.
Тұрғындардың қуанышын бөлісуге келген аудан әкімі Төлеген Телғараев алдағы жылы құрылыс жұмыстары толық аяқталса, аудан аумағы 100 пайызға табиғи газға қосылатынын жеткізді. Сонымен қатар, Төлеби ауданында елді мекендерге сапалы ауыз сумен жеткізу мәселесі де кезең-кезеңімен шешіліп келеді.
Шараға қатысқан ақсақалдар атқарылып жатқан жұмыстарға тұрғындардың атынан алғыс айтты. Ал сала мамандары ауыл тұрғындарына табиғи газды қолдану бойынша кеңестер берді. Табиғи газды тарту үшін ауыл тұрғындары есепшот ашып, есептегіш құралдарын орнатуы керек.