Түркістаннан XXI ғасырдың Әл-Фарабиі шығады

Бүгін Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынға Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы, Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова қатысып, төрағалық етті. Жаңа оқу жылындағы атқарылған жұмыстармен қатар білім саласындағы өзекті проблемалар, «Nur Otan» партиясының Жол картасы аясында іске қосылатын мектептердің құрылыс барысы қозғалды. 

Screenshot_12.jpg

Мәжілісте «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев өңірде фракция мүшелері білім саласындағы өзекті проблемаларды бақылауда ұстап отырғанын, жалпы білім саласына мемлекет тарапынан қамқорлық жасалып жатқанын жеткізді. Бұл ойды Түркістан адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев та жалғастырды. Оның айтуынша, облыстағы 937 мектепте 528 мың 740 оқушы білім алып жатыр. 2021-2022 оқу жылына 51 мың 427 бала бірінші сыныпқа қабылданған. 

- «Барлық оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы ерекше назарға алынып, қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, облыстағы барлық білім мекемелерінде (мемлекеттік, жекеменшік) «Ashyq» бағдарламасы орнатылды», – деген Р.Жолаев өңірде үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін шешу бағытында жұмыс жүріп жатқанын атап өтті. 

Сонымен бірге колледждердегі мемлекеттік тапсырыс көлемі 2 есеге азайғанын, бұл талай жастың тегін білімнен қағылуына апарып соққанын жеткізіп, халық қалаулысына бірқатар ұсыныс айтты. 

Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы, Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова білім саласындағы мәселелерді жасырмай айтып, шешу жолдарын қарастыру қажеттігін, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулар нәтижесінде білім сапасын көтеріп, Түркістаннан XXI ғасырдың Әл-Фарабиін шығаруымыз керектігін айтты. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды