Түркістандық оқушы әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Түркістан облысы Кентау қаласының тумасы Ақбота Қыдырәлі Ресей Федерациясы Қазан қаласында белбеу күресінен өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Жасөспірімдер арасындағы спорттық сайыста 63 келі салмақта өнер көрсеткен балуан қыз барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, финалда қарсыласына аздаған басымдықпен есе жіберді. 

image.png

Бүгінде 10 сыныпта оқитын қыз бұған дейін де бірқатар белестерді бағындарған. Атап айтқанда Кентау қалалық Бекзат Саттарханов атындағы №1 БЖСМ-нің шәкірті Түркістан облысының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған. Қазақстан Республикасының чемпонатында күміс жүлдені иеленген Ақбота осы жылы көрші Өзбекстан Республикасында өткен Азия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алған. 

Ақбота Қыдырәлі 2005 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Ол күреспен 4 жасынан бастап айналыса бастаған. Бүгінде спортшы қыз №10 жалпы орта мектебінде 10 сыныпта оқиды. Оның жаттықтырушылары Самат Аргинбаев пен Қанат Арғымбаев спортшы қыздың болашағынан мол үміт күтуге болады деп пікір білдірді. 

Жалпы Түркістан облысында түрлі федерациялар құрылып, спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында айтылғандай, Президенттің жұрттың бұқаралық спортқа қолжетімділігін арттыру тапсырмасын орындауға түркістандықтар қызу кірісіп кетті. Бүігде мәлихат депутаттарының үйлестіруімен, кәсіпкерлердің демеушіліктерімен өңірдегі шалғай елді мекендерде де заман талабына сай спорттық алаңшалар салынып жатыр.  

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды