Түркістандықтар жалғызбасты анаға үй салып берді

Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл азаматтары жалғыз басты анаға баспана сыйлады. Ошақты ауылдық округі Жиделі елді мекенінің тұрғындары жерлестеріне асарлатып үй салып, оның ішін қажетті жабдықтармен толтырып берді. Құрылыс маусым айында басталған. 

Screenshot_8.jpg

- «Осы істің ұйымдастырған азаматарға, жұдырықтай жұмылып үй салып берген барлық ауылдастарыма алғысымды айтамын. Күйеуім қайтыс болған. Екі перзентім мектепте оқиды. Мұндай үй салу маған арман еді. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын», – дейді қоныс той иесі. 

Қоныс тойға қатысқан Ошақты ауылының әкімі Нұрмаханбет Нархозиев қайырымды іс жасаған ауыл тұрғындарына алғысын білдіріп, арнайы алғыс хатпен марапаттады. 

Бұған дейін дәл осы Келес ауданында аудандық мәслихаттың жас депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Диас Абдеевтің жетекшілігімен «Келес-Абай» қайырымдылық қоры аз қамтылған екі отбасыға баспана сыйлаған болатын. Игі іске қолдау білдірген Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев оларға үй салу үшін Біртілек ауылдық округіның орталығынан жер телімін бөліп, қайырымдылық қорының бастамасына қолдау көрсеткен. Құрылыс жұмыстары осыдан төрт ай бұрын басталған. 

Осылай Ошақты және Алпамыс батыр ауылдық округінде пәтер жалдап тұратын аз қамтылған жалғызбасты көпбалалы ана мен көпбалалы мүмкіндігі шектеулі азаматтың отбасы қуанышқа бөленді. Сонымен бірге Келес ауданындағы ауыл азаматтары аталған отбасылардың жаңа қонысын тұрғын үйге қажетті бұйымдармен жабдықтап та берді.   

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды