Түркістан облысында 600 отбасыға пәтер берілді

Түркістан облысының Кентау қаласында бір күнде 600 азаматқа жалдамалы пәтер кілті табысталды. Оның ішінде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 109 пәтер, көпбалалы отбасыларға 106 пәтер, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары санаты бойынша 227 пәтер, мемлекеттік қызметшілерге 139 пәтер, бұған дейінгі баспаналары авариялық жағдайда деп танылатын азаматтарға 4 пәтер қаралған.  

image.png

Жалдамалы баспанамен қамтылғандардың қатарында қала тұрғыны Қалампыр Тулеубекова да бар. Ол алты жыл бұрын көпбалалы отбасылар санаты бойынша үй кезегіне тіркелген. Қала тұрғыны осы уақытқа дейін тұрғын үй кезегін үнемі EGOV электрондық порталы арқылы бақылап отырған. Көпбалалы ана 6 жылға жуық уақыт бойы тұрғын үй кезегін сабыр сақтап, шыдамдылық танытып күткен. Бүгінде жалдамалы баспанаға қол жеткізген отбасының қуанышында шек жоқ. 

– Кезегімді EGOV электрондық порталы арқылы бақылап жүрдім. Баспаналы болатын күнді асыға күттім десек де болады. Жаңа пәтер бұйыратынын білсем де дәл бүгін мұндай қуанышқа кенелем деп ойламаппын. Қуанғаннан толқып тұрмын. Мен сияқты көп балалы аналар баспаналы болсын дегім келеді, – дейді Қалампыр Тулеубекова. 

 Дәл осы секілді қаншама қала тұрғындары көптен күткен тұрғын үйлеріне қолдары жетіп қуанышқа кенелуде. 

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында 2025 жылға дейін Кентау қаласында 3600 отбасыны баспанамен қамту көзделген. Бүгінде осы Жол картасы бойынша жұмыс жүріп жатыр.  

Айта кетейік, қазіргі таңда Кентау қаласында 5 қабатты 60 пәтерлі 5 үйдің құрылысы басталды. Оған қоса 10 үйдің құрылысын салуға жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды