Түркістандықтар Қазақстанның солтүстігін дамытуға үлес қосады

Осы жылдың жеті айында Түркістан облысынан еліміздің солтүстік өңірлеріне 302 отбасы қоныс аударды. Яғни, отбасылар құрамында 1341 тұрғын Теріскейге көшіп, жаңа өмір бастады. Ал жалпы биыл «Еңбек» бағдарламасы бойынша Түркістан облысына 6039 квота бөлінген. Жыл соңына дейін аталған квоталар өз иелерін тауып, қоныс аударушылар саны артады деген сенім бар.  

image.png

Түркістандықтардың басым бөлігі Павлодар облысын таңдаған. Бұл өңірге 205 отбасы (972 адам) қоныс аударып, сол жаққа көшушілердің 67,9 пайызы қазық қаққан. Солтүстік Қазақстан облысына 69 отбасы (272 адам), Қостанай облысына 16 отбасы (74 адам), ал, Шығыс Қазақстан облысына 12 отбасы (23 адам) көшкен. Жалпы республикада көлемінде қоныс аударушылар саны бойынша Түркістан облысының үлесі 30 пайызды құрап отыр. Солтүстікке қоныс аудару бойынша Сайрам (150 адам), Сарыағаш (142 адам), Жетісай (118 адам), Мақтаарал (115 адам), Шардара (104 адам) мен Арыс (108 адам) қаласы көш бастап тұр.  

Бүгінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша көші-қонды жандандыру бағытында жұмыс жандана түскен. Бұл стратегиялық маңызы бар жұмыс Түркістан облысы әкімдігінің, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы мен Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыс жоспарына енгізілген. Әрбір аудан мен қалада көші-қонға жауапты маман бекітіліп, жұмыспен қамту орталықтарында азаматтарға тиісті ақпарат пен көмек беріліп жатыр. Көшуге ниет білдірген азаматтар жұмыспен қамту орталықтарынан мәлімет ала алады. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды