Ордабасы ауданы Бөген ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтары күзгі жүгері орымына кірісті.

Бүгінде алқаптан алынған дәнді дақыл аудандағы ірі өндіріс ошақтарымен түзілген меморандум аясында қамбаларға жеткізілуде. Ал, жекелеген шаруалар дайын өнімдерін тиімді бағада саудалап жатыр.

image.png

Биылғы ауыл шаруашылық дақылдарының түсім көрсеткішін есептеу үшін аудандық статистика басқармасының басшысы Манзура Шәмшидинова жүгері алқаптарын аралап, шаруалармен кездесті. Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Әбілда Әлібековтың мәліметінше, ауданда 9692 гектар аумаққа дәндік жүгері дақылы егілген. Осы уақыт аралығында жүгерінің 4697 гектары орылып, гектарына 120,0 центнерден жалпы 56364 тонна өнім жиналған. Күзгі дала жұмыстарына 22 бірлік техника 102 тіркемесімен тартылып, 70 шақты азамат дақыл ору науқанына жұмылдырылған. Жүгері жинау науқаны әлі де жалғасып жатыр. Нарық заңдылықтарына сәйкес, дәндік жүгерінің бір келісі 100 теңгеден сатылып жатыр.

Сондай-ақ, Ордабасы ауданының шаруалары алдағы қыста жем-шөптен таршылық көрмейді. Ордабасы ауданы әкімдігі фермерлер одағымен екі жақты ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Биыл облыс аумағында жауын-шашын мөлшерінің жылдағыдан аз болуы салдарынан құрғақшылық белең алғаны белгілі. Соның салдарынан мал азығының тапшылығы байқалған болатын. Жем-шөп қорын көбейтіп, аудандағы ірі кәсіпорындарды мал және құс азығымен қамтамасыз ету үшін кәсіпорын басшылары мен аудан шаруалары атынан меморандум түзілді. Осы құжат негізінде Бадам ауыл округінде орналасқан «Жақсылық» шаруа қожалығы 200 гектар жүгері және 100 гектар алқапқа егілген жоңышқа дақылдарын «Бөрте-Милка» тауарлы сүт фермасына өткізуде. Аталған шаруашылық жалпы 25 ауыл тұрғынын маусымдық жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ, егістік алқапты игеруде заманауи 32 бірлік (4 техника биыл сатып алынған) ауыл шаруашылығы техникаларын жұмылдыруда. Қазіргі таңда Ордабасы ауданында жалпы 300 мың тоннаға жуық мал азығы жиналған. Алда бұл мақсаттағы жұмыстар әлі де жалғасын таппақ. Осылайша қыста ірі кәсіпорындар мен шаруашылықтар жем-шөптен таршылық көрмейтін болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды