«Қазсушар» РМК Бас директоры Алтай Елжасов жұмыс сапарымен Түркістан облысы Шардара ауданына жұмыс сапарымен барып, ауданның тыныс - тіршілігімен танысты. Жиынға су саласының мамандары, «Қазсушар» РМК Түркістан облысы филиалының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Өңірдегі маңызды жобалардың бірі - Жаушықұм алқабын суландыру. Шаруалармен кездескен бас директор облыстың аумағында жаңадан айналымға қосылатын суармалы жерлердің арттыруына аса мән берілетінін айтты. Жаушықұм массивіндегі 12 мың гектардан астам алаңдағы су таратқыш және сорғы станциясын қайта құру жобасын пысықтады.
Суармалы жердің қосылуы нәтижесінде ауыл тұрғындары үшін тұрақты жұмыс орындары ашылады. Осының нәтижесінде талай жылдардан бері егістікке қажетті ағын су тапшылығын сезініп, жерлері сортаң тартқан аймақ шаруаларының мәселесі шешіледі. Жаушықұм массивінің құрылыс жұмыстары жүргізілетін орындармен танысып, құрылысты сапалы орындау басты міндет екенін айтып өтті.
Сондай-ақ Шардара ауданындағы «Шардара су қоймасы бөгетінің сейсмотұрақтылығын реконструкциялау және арттыру» нысанының құрылысының автоматтандыру жұмыстымен де танысты. Бұл ретте филиал басшылығы тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылып, талқыға салынды. Шардара аграрлы аудан болғандықтан тұрғындардың басым бөлігі ауылшаруашылығы саласымен айналысады. Ал егіншілік кәсіптің күре тамыры ағын су жүйелері екендігін ескерсек, бұл жобаның жүзеге асырылуы аймақ шаруалары, аудан тұрғандары үшін өте маңызды. Бұл тұрғыда су қойманың құрылысының сапалы жүзеге асырылуына қадағалауы нәтижесінде тиянақты әрі құрылыс кестесіне сай жұмыс атқаруды тапсырды.
Жетісай ауданы бойынша Ислам даму банкі есебінен жоспарланған 210 дана тік дренажды ұңғымалар бойынша Жетісай ауданының мәслихат депутаты М.Ділдәбековпен жүздесіп, Жетісай ауданының өзекті мәселесін талқыланды. Депутаттың өз сөзінде 210 ТДҰ аудан үшін өзекті екенін және жобаны тездете отырып іске асырып беруге өтініш білдірді.
Айта кетейік, Ислам даму банкі есебінен жоспарланған 210 дана тік дренажды ұңғымалардың жобасы екі кезеңмен іске асырылмақ. Бірінші кезеңге 113 дана ТДҰ ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін жобаны іске асыру, қалған 97 дана ТДҰ алдағы жылдың ақпан айының соңына дейін толық аяқталу қолға алынбақ.