Төлеби ауданында асыл тұқымды мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында өндірісті ұлғайтып, кәсіпкерлікті дамыту және елге қажетті жобаларды жүзеге асыруға үлкен басымдық берді. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоспарлы түрде іске асып жатыр.

image.png

Түркістан облысы Төлеби ауданы Балдыберек ауылының тұрғыны Бегман Апашев асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолға алды. Ол бұған дейін күн көрудің қамымен түрлі жұмыстарды істеген. Ақырында «Ангус» тұқымды ірі қараның санын көбейтіп, мал шаруашылығымен айналысуға тоқтаған. Мемлекеттен берілетін субсидияны тиімді пайдаланып, асыл тұқымды сиыр сатып алған. Қазіргі таңда, еткен еңбектің арқасында мал басы санын 90-ға жеткізіп отыр.

- «Елімізде мал шаруашылығын дамытуға көптеп көңіл бөлініп жатқанын еститінмін. Сосын осы шаруамен неге айналыспасқа деген ой келіп, әрекеттің арқасында арманымды іске асыра бастадым. Қазір жеке айналысатын ісім, табыс көзім бар. Мүмкіндік болса тағы қосымша мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге берілетін көмекті ала отырып, кәсібімнің өрісін кеңейтсем деген мақсатым бар», – деді қожалық иесі.

Шаруа биыл белгілі себептермен субсидияға қол жеткізе алмаған. Алайда, келер жылы қолдауға ие болатынына сенімді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды