Халық санағына онлайн қатысыңыз!

9.jpg

Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Азат Оралбаев sanaq.gov.kz сайтына тіркеліп, барлық сауалнамаларды онлайн түрде толтырып шықты. 

Жалпы 2 кезеңнен тұратын халық санағының бірінші кезеңі бойынша аудан көлемінде тұрғын және тұрғын емес үйлерді түгендеу жұмыстары жүргізілген болатын. 

Ал, ІІ кезең бойынша 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында санитарлық талаптарды сақтай отырып, санақ жұмыстары жүргізіледі. 

Айта кетерлігі, тұрғындар ұлттық халық санағына цифрлық форматта да қатыса алады. 

Тарқатып айтар болсақ, азаматтар өздерінің орналасқан жеріне қарамастан sanaq.gov.kz порталына тіркелу арқылы онлайн түрде өздері және отбасы мүшелері сауалнамаларды толтыра отырып санақтан өте алады. 

Бүгінде аудан әкімінің бекітуімен Ұлттық халық санағын жүргізуге жәрдемдесетін аудандық комиссия құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілген. 

Еліміз егемендігін алғалы үшінші рет халық санағы өткізілгелі отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы №1049 ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы қаулысына сәйкес елімізде халық санағы «Қазақстанда әркім маңызды» деген ұранмен жүргізіледі. 

Осы орайда аудан әкімінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 224 Өкімімен халықтың Ұлттық санағына жәрдемдесу жөніндегі арнайы аудандық комиссия құрылған. Онда ауыл округ әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен мемлекеттік мекемелердің басшылары (келісім бойынша) аудандағы биылғы халықтың Ұлттық санағына дайындық жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету жүктелген.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды