Үш ауысымды мектептер саны төмендеген

Screenshot_39.png

Шымкент қаласының Қаратау ауданында ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топ «STANDARD CEMENT» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кезекті кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауда атап өткен елдің экономикалық дамуын көздеген басты бағыттары мен бастамалары кеңінен талқыланды. 

Орталық Азиядағы экономикасы ең ауқымды ел саналатын Қазақстан қазір пандемияның зардабын тартуда. Дегенмен, қиындықтарға қарамастан, бағдарымызды берік ұстанып келеміз. Стратегиялық мақсатымыз – Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту.Пандемия кезінде мемлекет азаматтарға және кәсіпкерлерге ауқымды әрі жедел қолдау көрсетті.

Аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Жолдаудағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы біліммен қамту, өңірлік саясатты жетілдіру, ауыл шаруашылығын қолдау және тағы басқа негізгі басымдықтарды атап өтті.

Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Е.Бекназаров Жолдауды жүзеге асыруда қала тұрғындары ынтымақ пен бірліктің арқасында үдесінен шығатынына сенім білдіріп, жиынды қорытындылады. 

Аталған бағыттағы ақпараттық-насихаттық топ жұмыстары аудан аумағында жоспарға сәйкес, жүйелі түрде жалғасатын болады. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды