Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы ұстаздары мен оқушылары «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты ашық сабақ өткізді. Тұғырлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының 30 мектебінен 1000-ға жуық жас өрен сабаққа онлайн қатысты.
Қазақстанның тарихын тағылымдаған ашық сабаққа балалар белсене қатысты. Топтық командалармен жұмыс жасап, Ел егемендігінің 30 жылында жеткен жетістіктерді саралады. Олардың пайымынша, Тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен жетістіктердің бірі – Қазақстанның атом ядросынан бас тартуы. Осы пікірді қолдайтындардың қатарында Елсұлтан Маралбек те бар. Ол осы мектептің биылғы бітіруші түлегі.
1991 жылы Семей атом полигонын жабу, 1992 жылы Лиссабон хатамасынақол қою, 1993 жылы атом ядросынан толықтай бас тарты. Бұл тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы батыл қадамдар көрсеткіші. Жас шәкірттердің мұндай ауқымды тақырыптарды мектеп жасынан қозғап, хабардар болуы маңызды, - дейді білім ұясының ұстаздары. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу басты мақсат екендігін айтады.
Мектеп оқушыларының айтуынша, мұндай батыл қадамдар – сол тұста елді басқарған Н.Назарбаевтың саясаткерлігінің айқын көрінісі. Ядролық қарудан бас тарту терроризмдік әрекеттер орын алып жатқан заманда өте өзекті болып отыр. Сондықтан зияткерлік мектептің жастары Елбасының бұл бағыттағы саясатын қолдайтындықтарын жеткізді.