Білім саласында жетістік мол

Screenshot_12.png

Білім күнінде заман талабына сай жабдықталған мектеп ел игілігіне тапсырылды. «Низамхан» жекеменшік мектебінің ашылу салтанатына қатысқан Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы

Бахадыр Нарымбетов және мәслихат депутаты Лазиз Сулайманов мұғалімдер мен оқушыларды дәстүрлі форматта басталған жаңа оқу жылымен құттықтады.

Дәстүрлі түрде алғашқы қоңырау соғылды. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді, олардың болашағының негізін қалаушы ардақты ұстаздарымызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Шымкентте мемлекеттік білім беру бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Жаңа оқу жылында 20 мектеп ашылып, 2 мектептің қосымша корпусы аяқталды. Осылайша мегаполисте апатты мектептер жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға азайды. Жыл соңына дейін тағы 4 жаңа мектеп ашылады. Ал 2025 жылға дейін мегаполисте 72 мектеп салу жоспарлан. Бұл ауқымды жұмыстар қаламызда білімнің сапасын жоғарылатуға зор ықпалын тигізеді, – деді Бахадыр Мәдәліұлы.

Жаңа мектеп қаладағы Жансүгіров көшесінің бойында, 1934 жылы ыңғайластырылып салынған бұрынғы апатты №79 мектеп ғимаратының орнына салынды. Білім ордасы үш айдың ішінде тұтастай жөнделіп, жаңа келбетке ие болды. Қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов жекеменшік мектептің құрылтайшыларымен бірге ғимаратты аралады. Бұл мектепте бір ауысымда 1000 бала қабылданады. 74 оқу бөлмесі мен жаңа үлгідегі биология, физика, химия, информатика, мультимедиялы-лингофон кабинеттері, интерактивті тақталар, кітапхана, асхана, акт, спорт залдары, спорт алаңы, қыздарға және ұлдарға арналған шеберханалармен қамтылған.

Жалпы Тәуелсіздік жылдарында Шымкенттің білім саласы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Осыдан отыз жыл бұрын қалада 69 мың оқушысы бар 72 мектеп болды. Ал биылғы жаңа оқу жылы 203 мектепте 233 879 оқушымен бастады. Өткен жылмен салыстырғанда 8 мың оқушыға көп. Оның ішінде 25 мың оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады