Кітапханалар модернизациялануда

Screenshot_11.png

Шымкент қаласы әкімі 2021 жылғы ақпан айында 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдындағы онлайн есеп беру кездесуінде жыл соңына дейін қалалық 10 кітапханаға модернизация жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеген болатын. 

Осыған байланысты, ағымдағы жылы І-кезеңде 6 кітапхананы, ІІ-кезеңде 4 кітапхананы модернизациядан өткізу жоспарланған дейді мамандар. 

І-кезеңге жоспарланған 6 кітапхананың 6-ы ашылды. Олар:  Орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі, Отбасылық кітапхана) , "Әл-Фараби" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы, 

"Абай" атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің екі филиалы.

Қалалық мәдениетті дамытудың маңызды бағыттарының бірі – қоғамда отбасылық құндылықтар мен отбасылық демалысты ілгерілету және дәріптеу болып табылады. Демалыс сапасы мен мәдениеттің қолжетімділігін жақсарту керектігіне бірнеше рет ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударды. Сапалы отбасылық уақыт өткізудің танымал орындарының бірі жаңа форматтағы кітапханалар болуы тиіс, оларды құру идеясы Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қолдау тауып отыр. 

Модернизациядан өткізілген кітапханалардың айырықша ерекшелігі – олар әдеттегі оқу орындары шеңберінен шығып, үйірме жұмыстарын жүргізу, іс-шаралар өткізу, коворкинг, қауымдастықтар мен клубтарды дамыту мүмкіндігі бар комьюнити орталықтар болып табылады, бірақ бұрынғыша оқу мен жұмыс істеу үшін ыңғайлы орын болып қала береді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады