Келесте жол жөнделсе, Төлеби ауданында жаңа саябақ салынуда

Келес ауданы Қошқарата ауылдық округінің Қошқарата елді мекені К.Қалдыбеков көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстарын бастады. Құрылысты жүргізіп жатқан мердегер мекеме «Сулейман-2030» ЖШС кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айында құрылысты бастап, қыркүйек айының соңына аяқтауды жоспарлаған. Қазіргі таңда құрылыс басында 20 жұмысшы, жолдың негіздемесін дайындау жұмыстарын бастап, жол жамылғыс (асфальт) төсеу басталып кетті.

image.png

Сондай ақ Ұшқын ауылдық округі Ұшқын елді мекені М.Ауезов (1,350 шқ) көшесіне орта жол жөндеу жұмыстары басталды, қазіргі таңда жолдың негіздемесін дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал, Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне қарасты Сарқырама елді мекенінің тумасы Төлтебаев Мұрат бүгінде ауылға кіреберіс жерде жаңа саябақтың құрылысын бастады. Жоба құны 700 млн теңгені құрайтын саябақтың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Саябақтың жер көлемі 1,5 гектар. Ауыл тұрғындарының демалыс орнына айналғалы тұрған саябақта аллеялар, фонтан, түнгі жарық, бассейндер, ашық аспан аясындағы мейрамханалар, орындықтар бар. Сондай-ақ, саябақ аумағында қырым ағаштары, көлеңке түсіретін тал-теректер, көздің жауын алатын әсем гүлдер отырғызылған. Ауыл көркіне ажар беру мақсатында қоршауларға ауданның керемет табиғат көріністері, аң-құстардың суреттері ілінген.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады