Депутат пен кәсіпкер 20 дана оттегі баллонын ауруханаға жеткізді

Елдегі сындарлы сәтте денсаулық сақтау саласына және қауіпті індетке шалдыққан науқастарға қолдау ауадай қажет. Оның үстіне дерттің өрши түсуі жұртшылықты абыржытып, әбігерге салғаны рас. Осы ретте жанашыр азаматтардың қолдауы анық сезілді. Игі іске Келес аудандық мәслихатының депутаты мен кәсіпкерлері де өз үлесін қосты.

image.png

Атап айтар болсақ, Келес аудандық мәслихатының депутаты Рысбаев Еркін Жақсылықұлы 10 дана оттегілік баллонын аудандық ауруханаға өткізді. Сонымен қатар, «Бижігіт-ата» ЖШС директоры Жанұзақов Нұрбол Тұрсынбайұлы да 10 дана оттегілік баллонды аурухана меншігіне жеткізді.

– Қазіргі таңда COVID-19 індетімен көп болып күресіп, жұрт болып жұмылып жатырмыз. Осы жерде еріктіліктің, жанашырлықтың үздік үлгісін көрсетіп, қайырымдылық танытып жүрген аудан азаматтарының еңбегін ерекше атап өту керек. Шынайы жанашырлықпен жандарын салып, барын аямай, бірліктің бесігін тербеткен жандарға бас иіп, алғыс айтамыз. Депутаттар мен кәсіпкерлердің тартуы науқастардың игілігі үшін қолданылады. Әр баллон ауа жетпей қиналған адам үшін аса маңызды. Сондықтан бұл көмек дер кезінде көрсетілді. Талай отбасына қайғы құштырған бұл індеттен тез құтылуды жазсын. Барымыздың бағасын біліп, айналамыздың амандығын тілейік, – дейді аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Бекзат Сланов.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды