Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдаған Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту керектігін баса айтқан болатын. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоғары жейгейде жүзеге асып жатыр.
Төлеби ауданы аумағында сүтті бағыттағы сиырларды көбейту қолға алынған. Мәселен, Бірінші Мамыр ауылында орналасқан «Болашақ Нұры» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 2017 жылы құрылған.
Шаруашылық иелігінде 200 бас ірі қара мал бар, оның ішінде сиыр саны 120 бас. Кәсіпкер 2019 жылы Ресей Федерациясы, Алтай өңірінен 60 бас сүтті бағыттағы Гольштейн-Фриз тұқымды асыл тұқымды сиыр алып келген.
Кооператив қазіргі кезде сүт өндірумен айналысады. Күніне өндірілетін сүт көлемі 1-1,5 тонна. Сүтті Шымкент қаласына өткізіп, өткізілген сүттің әрбір литріне 20 теңге субсидия алуда.
Ауданда жалпы 4 050 агроқұрылым бар. Оның 48-і өндірістік кооператив, 128-і ЖШС, 3 874-і шаруа қожалық.
Ал, Кемеқалған ауылдық округі Әңгірата елді мекенінің тұрғыны Толыбаев Рустем Абайұлы құс шаруашылығын дамытуды қолға алған. Кәсіпкер бұл мақсатта «Қанат» ЖШС-н іске қосып, 5,6 га жеріне 1000 бас күркетауық өсіруде.