Төлебилік тұрғын 1000 бас күркетауық өсіруде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдаған Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту керектігін баса айтқан болатын. Бүгінде жолдау жүктеген міндеттер жергілікті жерде жоғары жейгейде жүзеге асып жатыр.

image.png

Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округі Әңгірата елді мекенінің тұрғыны Толыбаев Рустем Абайұлы құс шаруашылығын дамытуды қолға алған. Кәсіпкер бұл мақсатта «Қанат» ЖШС-н іске қосып, 5,6 га жеріне 1000 бас күркетауық өсіруде.

- "Құс шаруашылығы - қазіргі кездегі ең табысты кәсіптердің бірі. Күркетауық өсіру - қиын шаруа емес, әрі пайдалы. Құсты күтіп-бағу үшін таза ауа, нәрлі тағам, ішетін суы таза болуы керек. Үй жағдайында күркетауықты ұстауға арналған аймақ үлкен болғаны дұрыс. Себебі, күркетауықтар шексіз кеңістікте өмір сүруді жөн көреді. Сонымен қатар, «тауық синдромына» байланысты жұмыртқаны алу үшін оны ұядан шығаруға тура келеді. Бұдан бөлек, диетадағы дәрумендердің дұрыс болмауы немесе жетіспеуі әр түрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Егер бәрі дұрыс жасалса, құстардың еті мен жұмыртқасы көп болады", - дейді кәсіпкер.

Бүгінгі күні шаруашылықта 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусымдық кезеңде 15 адам еңбек етеді . Алдағы уақытта күркетауық санын арттырып, күркетауық етін өндіруді жоспарлауда.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды