Көшпелі семинар егін алқабында жалғасын тапты

2021 жылдың 16 шілде күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жаңбырлатып суғару әдісі бойынша семинар өткізілген болатын.

image.png

Семинардың жалғасы тәжірибе ретінде араға 5 күн салып 21 шілде күні егістік алқабында жалғасты. Тәжірибе Тастұмсық ауылдық округіне қарасты Байысбаев Хамит есімді шаруаның жоңышқа дақылы егілген егістік басында өткізілді. Семинарға «BNK Group Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тараз қаласынан арнайы шақыртумен келіп, аудан шаруаларына жаңбырлатып суғаруға арналған техникасын іс жүзінде таныстырды.

Бұл техниканың тиімділігі суды ысырап қылмай бір тәулік ішінде 3,0 га жерді суғарады. Сағатына 30 тонна суды егіс алқабына шаша алады. Бағасыда өте қолайлы. Техниканың бір данасы 9 миллион теңге тұрады. Оның 50% мемлекет субсидия жасайды, қалған 4,5 миллион теңгесінің 2,5 миллион теңгесін төлеп, 2,0 миллион теңгесін лизингке алуға болады. Кепілге техниканың өзі қойылады. Лизингтің жылдық пайызы 9%. Бұл техниканы пайдалануға дамыған мемлекеттер осыдан 15-20 жыл бұрын көшкен. Еккен жоңышқаны осы техникамен жаңбырлатып суғару арқылы 3-4 орып алуға болады.

Семинарға қатысқан Майлыкент ауылдық округіне қарасты «Береке» ШҚ, «BNK Group Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшыларымен келісіп техниканы сатып алатындығын жеткізді. Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары М.Жанесен осы бастаманы қолдап, аудан шаруаларын осы техниканы алуға шақырды.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды