«Өңірлерде әлеуметтік қолжетімді тұрғын үй құрылысы саласы бойынша мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық мәслихаттың депутаты, филиал қызметкерлері орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының атқарып отырған жұмыстарын» қарау бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Түлкібас ауданы бойынша тұрғын үй бойынша «Нұрлы жер» және «Бақытты отбасы» бағдарламасы жүзеге асып келе жатыр. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2019, 2020 жылдары Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Пушкин көшесінде орналасқан көпқабатты мемлекеттік тұрғын үйлерге арнайы барып, тұрғындармен кездесіп, сұхбат жүргізді.
Сонымен бірге әр тұрғынның үйіне жеке жеке кіріп, сапасын бақылады. Көпқабатты тұрғын үйлерге инфрақұрылым толыққанды жүргізілген, жарық жүйесі, көгілдір отын, ауыз су кірген. 2020 жылы филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғын үй кезегіне тұру бойынша 8 өтініш келіп түскен болса, 2021 жылы 13 өтініш келіп түскен. Барлық өтініштерге жауапты мамандарды тарта отырып, заң аясында кеңестер берілген.
Қазіргі тұрғын үй кезегіне тұру электронды форматта жүзеге асып келеді. Түлкібас аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан бүгінгі таңда, аудан аумағында орналасқан тұрғын үйлерді мақсатқа сай пайдаланбаған азаматтармен жалға алу келісім шартын бұзу мақсатында сотқа 4 талап арыз ұсынылған. Сот өз тарапынан талап арызды қанағаттандырған жағдайда тиісті пәтерлерді келесі кезекте тұрған мұқтаж жандарға берілмек.