Сәулеге су келеді

Screenshot_5.png 

Шымкенттегі «Сәуле» шағынауданындағы 270 орамдағы жұртшылықтың ауыз су мәселесі биыл шешіледі. Жыл соңына дейін халық орталықтандырылған жүйеден тіршілік нәрін ажырататын болады. Қазір елдімекенде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселе қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тікелей назарында.

Жылдан-жылға халық саны артып келе жатқан Сәуле шағынауданында  инфрақұрылым жақсарып келеді.  Қазір мұндағы халықты сапалы ауызсумен қамту үшін тиісті құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Жылдар бойына ауызсуға қолы жетпей келген көпшілік құрылыстың аяқталуын асығу күтуде. Тіршілік нәрінен таршылық көрген тұрғындар игі істі қолға алған билік өкілдеріне алғыстарын жаудыруда.

Ал құрылысшылар жұмыстарды уақытында аяқтап, халыққа тездетіп сапалы су жеткізіп беру үшін барын салып жатыр. Бұл жұмыстар үстіміздегі жылдың маусым айында басталған-ды.  Мердігерлер  қараша айында нысанды толық  тапсырамыз деп отыр. Құрылыс өндірістік кестеге сай жүргізілуде.

Айта кетейік,   қазір қалада 69 елдімекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.  Биыл  бірнеше елдімкенге су жеткізіп беру мақсатында 14 нысанның  құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін  жергілікті халықтың сапалы тіршілік нәрімен қамтылу көрсеткіші 95 пайыздан  98 пайызға артады дейді салаға жауаптылар. Шет елдімекендердің инфрақұрылымын жақсарту -  қала әкімінің тікелей назарында!


 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды