Бәйдібек алтын құрсақты аналарымен мақтана алатын аудан. Түркістан облысында Бәйдібек өңірі көпбалалы аналардың көптігімен ерекшеленеді. Ал ауданда аналарға құрмет көрсету
Жуырда аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бағдатбек Жанғазиев ауданымыздағы алтын құрсақты ана Гүлзира Қойшыбаеваны қабылдап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, «Алтын» алқа төсбелгісін табыс етіп, құттықтау тілегін білдірді. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еліміздің халық саны мен ел демографиясына үлес қосып отырған 38 жастағы ақ жаулықты ана Гүлзира Қалданбекқызы Бәйдібек ауданы Жаңаталап елді мекенінің тұрғыны. Аталған елді мекендегі бастауыш сыныбының мұғалімі. Жолдасы екеуі 6 қыз 1 ұл тәрбиелеп отырған отбасы. Тұңғышы биыл мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы жоғары оқу орнына грант негізде оқуға түскен.
Жалпы Бәйдібек ауданында мыңға жуық «Алтын» алқа иегері мен 1300-ден аса «Күміс» алқа алған аналар тұрады. Алтын алқаның ішінде Батыр аналар – 173.
Маусыи айында әкімі Ержігіт Шәріпбеков алтын құрсақты аналарымызды қабылдап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс еткен болатын. Еліміздің халық санын арттырып, ел демографиясына үлес қосып отырған аудандағы ақ жаулықты 13 ана осы марапатқа ие болды. Оның 2-еуі алтын алқа, 11-ы күміс.