Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың бас жоспарына сәйкес Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтың құрылыс алаңында болды. Жолайрықтың жалпы ұзындығы Д.Қонаев даңғылы бойынша - 1 030 м. Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 3-кезеңі Терешкова көшесінен Бөгет кешесіне дейінгі аралықта жүріп жатыр. Аталған көше бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020 жылдың қазан айында басталған. Шымкент қаласының маңызды көшесі саналатын бұл даңғылдың құрылыс жұмыстары «КазахДорСтрой» ЖШС-не жүктелген.
Кезеңнің жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені 42 метр. Бүгінгі таңда 700 м екі бағытты айналма темір жолын, 948 м кәріз құбырын салу, 3,4 шқ. кабель желілері, 24 темір жол электр бағаналарын және 2 дана жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің 24 дана свай құю, 60000м3 жер жұмыстары және 4 дана темір жол көпірінің негізін құю және 4 дана теміржол балкаларын орнату жұмыстары орындалды.
Қазіргі уақытта тіреу қабырғаларын құю, инженерлік желілердің орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алдаңғылдың Т.Рысқұлов көшесі бойынша ұзындығы - 684,7 м. Жолдың ені - 45 метр. Құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау мерзімі желтоқсан айына жоспарланған. Бүгінде мұнда инженерлік жұмыстар толығымен аяқталған. Қонаев көшесі бойынша 300м асфальт жабындысы төселген және жол өтпесінің 12 бағанасы орнатылған. Рысқұлов көшесі бойынша ескі асфальт жолы толық алынып, жол негізі әзірленген. Рысқұлов бойынша Байтұрсынов пен Қонаев аралығында екі қабат асфальт қабаты төселінген.Жобаға сәйкес Рысқұлов көшесінде Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейінгі аралық жолдың ені кеңейіп, жол жамылғысын жаңарту жұмыстары қарастырылған. Көпір өткелін салу, жол жамылғысын салу жұмыстарын жалғастыру үшін, Рысқұлов көшесін Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін көлік қозғалысы 10 қыркүйекке дейін шектелген. Жұмыс қарқынын көрген қала әкімі құрылысқа кедергі болатын мәселенің барлығын тездетіп шешуді тапсырды.