3 магистралды су құбыры жүргізілуде

Screenshot_12.png

Халқының саны жыл санап өсіп отырған үшінші мегаполисте коммуналдық мәселелер де ауқымды. Қазіргі таңда шаһарға қосылған және жаңа шағынаудандарды сапалы жарықпен, ауызсумен және көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жақында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Көмешбұлақ» су құбырының құрылыс барысын тексерді. Бұл қаланың Солтүстік Батыс бөлігінде орналасқан елдімекендерді ауыз сумен қамту мақсатында салынуда. Ұзындығы 30 шақырымнан асады. 

Аталған  магистралды су құбырының құрылысы аяқталса Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Ынтымақ, Ынтымақ-2, Батыс, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Тәуелсіздікке - 20 жыл, Көкбұлақ тұрғын алаптары толыққанды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Қазіргі уақытты қала тұрғындарын ауыз сумен қамту мақсатында 14 нысанның, яғни 3 магистралды су құбыры мен 11 ішкі орамдық жүйелердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде биыл 9 елдімекендегі құрылыс жұмысы аяқталып, Тұран, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас, Жаңаталап және Сәуле шағынаудандарының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізеді. 

Қала әкімі әрбір тұрғын алап пен шағынаудан тұрғындарына жасалатын жұмыстар туралы аудан әкімдері тарапынан түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрудың маңызды екенін айтты. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды