2020 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті, оның аясында білім беру ұйымдарында тегін спорт клубтарын ашу, мектептік және студенттік спорттық лигаларын құру, мектептерді спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету, балалар мен жастарды салауатты өмір салтына баулу жұмыстары көзделген. Жоспарға сай " Салауатты өмір салтын сақтау" жобасын іске асыру мақсатында Шымкент қаласындағы №11 Әлішер Науаи атындағы орта мектеп оқушылары арасында ұлттық ойындар сайысы өткізілді. Қазақ халқының ұлы ойшылы А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай ойын бала өмірінде ерекше орын алады. Ал ұлттық ойындарымыз балаларға ақыл - ой, адамгершілік дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады.
Айта кетейік, биыл шеңберінде «қазақ күресі», «тоғызұмалақ», «асық ату» бойынша білім берудің барлық деңгейлерінде дене шынықтыру сабақтарына ұлттық спорт түрлерінің міндетті компонентін енгізу жоспарлануда. Білім ордасының ұстаздары ұлттық ойындардың мектеп бағдарламасына енгізілгенін қолдап отыр.