Атына заты сай қала

Screenshot_3.png

2200 жылдық тарихы Шымкент сөзінің түп мағынасын тарихшылар «шым» яғни «жасыл», «шөп» деген сөзбен байланыстыруда. Бір сөзбен айтқанда Шымкент – жасыл қала. Туристер жиі аяқ басатын шырайлы Шымқала атына заты сай шаһардың бірі. Мұнда жыл сайын жасыл желектің көлемі ұлғайып келеді. 

 Мәселен  Наурыз мерекесі қарсаңында «Таза табиғат» экологиялық жалпыұлттық жобасы аясында ағаш отырғызу акциясы өтті. Қаладағы «Нұрсәт» тұрғын алабындағы «Астана» аллеясында өткен ағаш отырғызу шарасына қала тұрғындарымен бірге қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

Барша тұрғындарды Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаған қала басшысы әр жылы Наурыз мерекесін көгалдандыру мен тазартудан бастауды дәстүрге айналдыру қажет екенін айтты. 

Акция барысында аталған аллеяға шаһардағы дендросаябақта өсіп жетілген 250 арша көшеттері отырғызылды. Осылайша, Президенттің орман алқаптарында 2 млрд, елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындау басталды. 

Игі іс-шараға тұрғындар, ардагерлер, жастар жалпы саны 50-ге жуық адам қатысты.

Жалпы Шымкент қаласында 6 миллионға жуық жасыл желек бар. Өткен жылы 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл белдеу» қалыптастырудың жоспары бекітілген. Жоспар бойынша 6,5 млн түп ағаш отырғызылатын болады. Осылайша, қаладағы ағаш қоры екі есеге артады деп күтілуде. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды