Бөржарда коронавирусқа күдікті науқастарға дер кезінде көмек көрсетіледі

Screenshot_19.jpg

Коронавирус инфекциясы адамзат үшін таңсық вирус болғандықтан әлем елдерін біраз әбігерге салғаны рас. Ғалымдар тәжвирусты  енді ғана зерттеп, емін табуға тырысуда.  Бірнеше айға созылған пандемия кезінде дәрігерлер біраз тәжірибе жинақтап қалды. Қазір еліміздің барлық аймағында болжанып отырған екінші толқынға дайындығы пысықтауда. 

 Осы орайда Ордабасы ауданына қарасты Бөржар дәрігерлік емханасы да індетпен тағы да бетпе-бет келген жағдайда науқастарға тиісті медициналық көмек көрсетуге дайын. Емхананың аға дәрігері Салтанат Сейдалиева  емдеу мекемесінде дәрі-дәрмек қоры мен құрал-жабдықтардың толығымен жасақталғанын және аса қажетті 1 оттегі концентраторының барын  жеткізді.  Жалпы 6387 тұрғынға қызмет көрсететін емхана жанында фильт бөлмесі жасақталған. Егер пациенттің қызуы көтеріліп, коронавирусқа күдіктелсе медбике науқасты бірден осы фильтр бөлмесіне алып келеді. Мұнда науқастан симптомдар қашан пайда болғанын, қайда барғанын, ауру адаммен байланыста болғаны-болмағандығы жөнінде  мәліметтер сұралады. Кейіннен дәрігер науқастың  денсаулық жағдайын тексеріп, егер симптомдары жұқпалы дерттікімен сәйкес келіп тұрса дереу жедел-жәрдем бригадасын шақыртады. Әрине процедура кезінде медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі басты назарда. Сол себепті  емхана қызметкерлері  қажетті қорғаныш киімдерімен қамтамасыз етілген.      

 Бөржар дәрігерлік емханасының мамандары тұрғындарға ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керектігін айтады. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды